Механика курсынан теориялық білім жинағы
Әр дәрісті оқып, тапсырмаларды AI-мен тексертіңіз.
Кіріспе. Физикалық шамалар. Векторлар
1-аптаФизика пәні, механиканың мазмұны, кеңістік пен уақыттың қасиеттері, СИ жүйесі, өлшемділік және векторларға амалдар.
Материялық нүктенің кинематикасы
2–3 аптаРадиус-вектор, орын ауыстыру, жол, жылдамдық пен үдеу. Тангенциалды және нормаль үдеу. Бірқалыпты, бірқалыпты үдемелі және айналмалы қозғалыстар.
Материялық нүктенің динамикасы. Ньютон заңдары
4-аптаКүш, масса, инерциалды санақ жүйелері. Ньютонның үш заңы. Импульс. Гравитация, серпімділік және үйкеліс күштері. Галилей түрлендірулері.
Импульс. Импульстің сақталу заңы
5-аптаИмпульс ұғымы, тұйық жүйе, импульстің сақталу заңы, реактивті қозғалыс, Мещерский теңдеуі, серпімді және серпімсіз соқтығысу.
Жұмыс, қуат, энергия
6-аптаТұрақты және айнымалы күштің жұмысы, қуат, кинетикалық және потенциалдық энергия.
Энергияның сақталу заңы
7-аптаКонсервативті және консервативті емес күштер, толық механикалық энергия, оның сақталуы, диссипация.
Қатты дененің кинематикасы
8-аптаІлгерілемелі және айналмалы қозғалыс, бұрыштық жылдамдық пен үдеу, сызықтық және бұрыштық шамалар байланысы.
Қатты дененің динамикасы. Инерция моменті
9-аптаКүш моменті, инерция моменті, айналу динамикасының негізгі заңы, Штейнер теоремасы, айналу кинетикалық энергиясы.
Импульс моменті. Сақталу заңы
10–11 аптаИмпульс моменті, оның сақталу заңы, гироскоп, прецессия.
Бүкіләлемдік тартылыс заңы
12–13 аптаНьютонның бүкіләлемдік тартылыс заңы, гравитациялық өріс, еркін түсу үдеуі, ғарыштық жылдамдықтар, Кеплер заңдары.
Гармоникалық тербелістер
14-аптаГармоникалық тербеліс теңдеуі, амплитуда, период, жиілік, фаза, серіппелі және математикалық маятник, өшетін және еріксіз тербелістер.
Толқындар. Дыбыс
15-аптаТолқын ұзындығы, толқын жылдамдығы, көлденең және ұзына толқындар, толқын теңдеуі, дыбыс, Доплер эффектісі.